Қала тұрғындарының назарына!

0 14

Ауа-райы температурасының бірқалыпты тұрақтануына байланысты 2019 жылдың 7 сәуірінен бастап Тараз қаласында жылыту маусымы аяқталады. Осыған байланысты жылу қуаты мен ыстық судың берілуі тоқтатылады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Отын-энергетика кешені кәсіпорындарымен жылу құбырларын қысыммен жуып шаю (опрессовка), түгендеу жұмыстары жүргізілген соң ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап тұтынушыларға қайтадан ыстық су берілетін болады.

М-2-ші және М-4-ші жылу магистральдарында қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Абай даңғылы, Төңкеріс, Телеорталық, Сатпаев, Гамалея, Асқаров, Қойбақов, Ниетқалиев, Сүлейменов, Қойгелді көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су берілмейді.

Ескерту: Жылу және ыстық су қызметі бойынша қарыздары бар көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су берілмейді. Сондықтан қалыптасқан берешекті өтеу қажет.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.