«Мицва» Қазақстан еврейлерінің қауымдастығы Жамбыл облыстық кітапханасына дискілер мен кітаптарды сыйға тартты

0 13

Таразда «Мицва»  Қазақстан еврейлерінің қауымдастығы Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітап тарту рәсімін өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандарды Қазақстан, соның ішінде Жамбыл облысында тұрып жатқан еврей халқының тарихы мен салт-дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ, жастарды мәдениет, тарихи оқиғалар мен халықтар мұрасына құрмет көрсетуге тәрбиелеу, Қазақстан халықтарының мәдени мұралары арқылы патриоттық рухты ояту.

Еврей қауымының ақсақалы, тарихшы, белгілі журналист Михаил Бунин 1992 жылы құрылған «Мицва» ұлттық ұйымының облыста «Шиват Цион» еврейлер этномәдени орталығы мен «Хэсэд Полина. Қамқорлық орталығы» қайырымдылық қоғамдық бірлестігі жұмыс істеп жатқандығын жиналған жұртшылыққа айтып жеткізді.

Сонымен қатар ол «Мицва» қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Александр Баронның тапсырмасымен сыйға тартылған бұл кітаптар Қазақстандағы еврейлердің өмірі мен тарихын зерттеген ғалымдар мен мұрағатшылардың 20 жылдық еңбегінің жемісі екендігін атап өтті.

Кітаптардан бөлек, Шаббат, Рош-а-Шана, Суккот, Ханука, Ту-би-Шват, Пурим және Шавуот секілді еврей мерекелері негізіндегі музыкалық-ойындық аудиоспектакльдері басылған жеті CD-дискіні сыйға тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.