Қазақстан мен Испания екі ел арасында әуе рейстерін ашпақ

0 2

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында тұрақты түрде іс-шараларды жүзеге асыруда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, осы кезде Қазақстан мен Нұр-Сұлтан қаласының көлік мәселесі бойынша қолжетімділігін кеңейту мақсатында біршама жұмыстарды қолға алынды.

Осы мақсатта жуырда Испания астанасында Қазақстан мен Испанияның авиация саласына жауапты ведомство басшыларының келіссөздері өтті. Онда екі ел арасындағы әуе байланысына қатысты кең ауқымды мәселелер сөз болды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев үкіметаралық құжатқа қол қойды. Аталмыш құжат Қазақстан мен Испания арасында тікелей тұрақты рейстерді жүзеге асырудың құқықтық базасын реттейді.

Осылайша, екі ел тарапынан белгіленген әуе компаниялары кез келген әуе кемесімен 7 жолаушылар және біріктірілген әуе рейстерін жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ аталмыш әуе компаниялары кез келген ұшақпен 7 рет таза жүк тасымалдарын жүзеге асыра алады.

Аталғандармен қоса, бекітілген әуе компанияларына өзара және үшінші елдердің әуе компанияларымен келісім жасау құқығы беріліп отыр.

Аталған құжаттың басты ерекшелігі рұқсат етілген аймақтардың қатарына алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласы енгізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.