Таразда «Сағым» көркем фильмінің тұсаукесері өтті

0 25

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының тапсырысымен Облыстық кино орталығында түсірілген «Сағым» толықметражды көркем фильмінің түсау кесері өтіп, жиналған жұртшылықтың назарына ұсынылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Сағым» көркем фильмінің тұсаукесер барысында облыстық кино орталығының директоры С.Лесбаев саxна төріне фильм режиссері Елжан Жармұхамедов, бас рольдерді сомдаған Руслан Нұрман, Нұрсұлтан Маханов және фильмдегі басқа да актерларды шығарып көрермен қауыммен таныстырып, фильмнің түсірілуі, маңызы туралы мағлұматтарды қысқаша баяндады.

Сондай-ақ, саxна төріндегі өнер иелері бұл киноны түсірілуіне ұйтқы болған облыс әкімі мен мәдениет басқармасына деген алғыстары шексіз екендерін де көрермендер алдында жасырмады.

Аталған фильмде ХХІ-ші ғасырдың қасіретіне айналып бара жатқан әртүрлі діни ағымдар мен радикалдық ұйымдардың бейбіт xалыққа тигізетін зардаптары мен зияны, бақытты отбасылардың шырқын бұзып, шаңырағың ортасына түсіретін кесірлі кесапаты, адамдардың бақытты жолынан адастырып, бақытсыздық ізге салған адасушылығы түгел суреттелген.

Бұл көркем фильм еліміздегі жас жеткіншек өскелен ұрпаққа өмірлік сабақ бола білетін және бақыт пен бақытсыздық жолын ажырата білуге ұйтқы болатын үлгілі түсірілім екенін жиналған жұртшылық санасына мықтап түйді.

Фильмнің алғашқы қойылымын Дін істер және мәдениет басқармаларының басшылары, облысымыздың бас имамы, өнер қайраткерлері, БАҚ бәрі 300-ден астам көрермен тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.