Таразда студенттер үшін жетінші электронды қызмет көрсету орталығы ашылды

0 10

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Жамбыл инновациялық колледжінде «Студенттерге қызмет көрсетудің электрондық орталығының» ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Орталықтың негізгі мақсаты — электрондық форматта қызмет көрсетуге көшу жолымен оқу қызметінің процестерін ұйымдастыруды оңтайландыру, студенттерді сергелдеңге салдырмау, әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Орталықты Департаменттің басшысы Р.Қ.Төлебаев және Жамбыл облысы Білім басқармасы басшы Рахия Тұрмаханбетова салтанатты түрде ашты.

Іс-шара барысында Равиль Төлебаев пен Талғат Жамалов студент жастармен кездесу өткізіп, сұрақтарына жауап берді.

Келген қонақтар колледждің өндірістік оқыту базасымен, студенттердің мамандық бойынша жинақтаған дағдыларымен және жатаханасымен танысты.

Сонымен қатар, іс-шара соңында колледж директоры Невзат Бекар «Студенттерге қызмет көрсетудің электрондық орталығын» ашу эстафетасын Т.Рысқұлов ауданында орналасқан «Құлан агро-техникалық колледжіне» табыстады.

Бұл іс-шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.