«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) Тұрғын үй құрылысының «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.
Нысан: 80-пәтерлі тұрғын үйлер мекен жайы: Тараз қаласы, 15 мөлтек аудан.
Құрылыс аяқтаудың жоспарланған мерзімі: 2019 жылдың тамыз айы
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 720
1 бөлмелі, ең үлкен ауданы 42,41 ш. м.
2 бөлмелі, ең үлкен ауданы 56,76 ш. м.
3 бөлмелі, ең үлкен ауданы 68,25 ш. м.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы baspana.kz. беруге болады.
Қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 11 наурызынан бастап, 2019 жылдың 8-ші сәуірі аралығында.
Толығырақ талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің baspana.kz/ www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, банктің Call-орталығына 300 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз (ұялы телефоннан тегін).
Тараз қаласының әкімдігі