2019 жылдың 30-31 наурыз күндері Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Ақыртас» сарай кешенінің аумағында Жамбыл облысының Туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз — өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» атты жастар туристік форумы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Форумға Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының жастары, сонымен қатар, туристік қауымдастықтар, туристік және қонақ үй нарығының өкілдері, мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері қатысты.
Форум бағдарламасында тарихи экскурсиялар, шеберлік сыныптар, концерттік және ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Айта кетейік, өткізілген шараның басты мақсаты — қазақстандық жастар арқылы Жамбыл облысында орналасқан туристік тартымдылығын бар тарихи-мәдени нысандардың деңгейін арттыруға бағытталған.