Облыстағы ҚАЖД  ЖД-158/7 мекемесінде наурыз мерекесі тойланды

0 19

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД  ЖД-158/7 мекемесінде ұлттық ұлық мереке, ұлыстың ұлы күні тойланды. 5 күн бойы  сотталғандар арасында мәдени-бұқаралық және спорттық іс–шаралар өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мерекелік шарада салтанатты жиын болып, мейрамның шымылдығы түрілді. Одан соң, футбол турниріне ұласты. Әр жасақтың командалары қатысып ойындар өте тартысты өтті.

Бес күнге созылған турнирдің нәтижесінде, 1 орынды №5 жасақтың командасы иеленсе, 2 орынды №6 жасақтың командасы, ал 3 орынды №2 жасақтың командалары қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, сотталғандар арасында «шахмат», «дойбы», «үстел теннисі», «караоке», «үздік плакат конкурсы», «арқан тартыс», «армреслинг» және «кір тасын көтеру»ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы мейрамның шырайын кіргізіп, ұлттық салт-дәстүрлерден сахналық қойылымдар көрсетілді.

Жиынға белсене атсалысқандар арнайы марапатпен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.