Өңірдегі түзеу мекемесінде заңсыз заттар тәркіленді

0 17

Түзеу мекемелерінің қатаң тәртібіне бағынбай, заң бұзушылар көбеюде. Соның бірі, Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесінде тағы да заңсыз заттар тәркіленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл жолы айласын асырғандар орамахат, яғни бандероль арқылы қатаң тыйым салынған дүниелерді жөнелткен. Мекеме қызметкерлерінің жіті тінтуі кезінде азық-түлікпен қатар киім-кешек арасынан ұялы байланыс құралы табылған.

Демалыс күні келген сәлем-сауқатты Шымкент қаласының тұрғыны жіберген. Спорттық аяқ киімінің астына имей коды сүрілген сымтетікті тығып, оны мықтап желімдеген. Соған қарамастан құйтырқы іс әшкереленіп, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген азаматшаның ісі сотқа жолданды.

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.