Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің 88 түлегі оқу ордасына ерекше сый жасады

0 51

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 88 түлегі мектеп туралы естелік ретінде жас шыршалар отырғызды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Он екінші сынып оқушылары ересек өмір жолын түлектер аллеясына ағаш отырғызудан бастады. Осылай олар екі маңызды оқиғаны – мектеп аумағын көгалдандыру мен жыл сайынғы игі дәстүрді ұштастыра білді.

Оқушылар мәңгілік ағаш саналатын, өмір жалғасы мен береке нышанына баланған тянь-шань шыршаларын отырғызды. Ағаш отырғызумен қатар, олардың әрбірі өз армандарының орындалуын да тіледі.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айша Жолдасбекованың айтуынша, жыл өте мектеп аумағын әдемі аллеяға айналдыруға мүмкіндік беретін игі бастаманы басқа да бітіруші сыныптар жалғастыратын болады. Сонымен қатар, шыршалардың ендігі күтіміне мектеп оқушылары да, қызметкерлері де атсалысады, дейді.

«Уақыт өте мектеп ауласы түлектерімізді әрдайым еске салып тұратын құлпырған, әрі биік шыршаларға толы әсем саябаққа айналады деп сенеміз», — деді Айша Жолдасбекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.