Ағымдағы жылдың 9-шы сәуір күнгі сағат 13-00 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнап Үндеу жариялады. Онда кезектес тыс Президент сайлауын 2019 жылдың 9-шы маусымы күніне белгілегенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы айтулы күнді Елбасымен ақылдаса отырып, Премьер-Министрдің, екі палата депутаттарының және басқа да тұлғалардың келісімімен шешілгенін айтты.
Біздер, ардагерлер Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімін толық қуаттаймыз. Қазақстан демократиялық зайырлы мемлекет болғандықтан, қазақстандықтар Президенттің шешімін қолдайды, өйткені өздерінің келешегін мемлекеттің келешегімен байланыстыра отырып, ертеңгі күнге деген сеніміне бей-жай қарай алмағандықтарынан да осындай қадамға барады деп нық айтамын.
Жамбыл облысының ардагерлері Президент сайлауына бірыңғай қатысады және сайлауалды жұмыстарына да атсалысады. Еліміздің келешегі – ұлтымыздың, ұрпағымыздың келешегі. Бұл науқаннан елім, жерім деген кәмелетке толған әрбір қазақстандықтар қалыс қалмауы тиіс. Бізге еліміздің саяси, әлеуметтік тұрақтылығы ауадай қажет. Облыс тұрғындарын Президент Үндеуін терең түйсініп, Президент сайлауына түгел қатысуларына шақырамын.
Е.Солтыбаев, облыстық
ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысы