Маңызды шешімге қолдау білдіреміз

0 7

Бүгін тікелей эфирде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдында Үндеу жариялады. Қысқа ғана жарияланған Үндеуде ел Президенті ҚР Конституциялық Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өтетіндігі туралы мәлімдеді.

Сайлау үстіміздегі жылдың 9 маусымында, яғни екі айдан кейін өтетіндігі біз үшін қуантарлық хабар болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мәлімдемесі аса маңызды екендігі белгілі. Ел Президенті өз сөзінде бұл шешімді қабылдамас бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен ақылдасып, саяси тараптармен жан-жақты талқыланғандығын атап өтті.

«Біз Елбасының арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындады. Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғарғы билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы түсіністікпен қарап, оны құрметпен қабылдады»- деді Үндеуінде Мемлекет басшысы.

Ел Президенті өзіне жүктелген зор жауапкершілікті сезініп, қызметіне кіріскен сәттен бастап өңірлерді аралап, халықтың жай-күйімен танысты. Бұл жөнінде Үндеуінде де айтып өтті. Біз Мемлекет басшысының сарабдал саясаткер екендігін жақсы білеміз. Сондықтан осындай маңызды шешім қабылдап отыр және біз шешіміне зор қолдау білдіреміз.

Ел Президенті алдағы сайлау халықтың еркімен және әділ өтетіндіне кепілдік берді. Сондықтан еліміздің ары қарайғы келешегі біздің, яғни, халықтың таңдауына байланысты болмақ.

Досымбаев Ерболат Әбдіжапарұлы

аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы

Шу ауданы, Жамбыл облысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.