Асқар Мырзахметов аудандағы жұмыс сапары соңында аудандық бизнес өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Жамбыл ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, «Қарапайым заттар экономикасы», еңбекақы көлемін арттыру, жұмысшылар санын қысқартпау мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылған шаралар талқыланып, мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін жеңілдетілген несиелерді алу жолдары айтылды. Кәсіпкерлердің мәселелері тыңдалды.