Таразда 14 заңсыз жол белгілері анықталды

0 15

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаментімен бірлескен жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде жоба кеңсе өкілдері Тараз қалалық полиция басқармасының жол және техникалық инспекция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелері бойында орналасқан жол белгілеріне талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде жол қозғалысына қатысушылардың құқықтарының немесе жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына әкеліп соғатын Тараз қаласында орналасқан 14 жол белгілері анықталып, оларды жою бойынша Тараз қаласы әкімдігіне тиісті нұсқама жолданды.

Бұған дейін облыстық арнайы мониторинтік топ мүшелері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, оның барысында 5 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.