Жамбыл облысының спортшылары бокстан үздіктер қатарынан көрінді

0 0

Таразда 5-9 сәуір аралығында өткен Қазақстан Республикасының «Оңтүстік» аймақтық чемпионатында жамбылдық спортшылар  командалық І орынды иеленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Кеңесхан Ахаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы чемпионатқа Алматы, Шымкент қалаларынан, Түркістан облысы және Жамбыл облысынан барлығы 157 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары 8 алтын, 6 күміс, 14 қола, барлығы 28 медаль иедленді. Түркістан облысы 7 алтын, 4 күміс, 12 қола, барлығы 23 медальмен ІІ орын, Шымкент қаласы 15, оның ішінде 3 алтын, 5 күміс, 7 қола медалімен ІІІ орынға тұрақтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.