Сарысу ауданының тұрғындары енді электрондық үкімет портал арқылы анықтамалар ала алады

0 8

Сарысу ауданының тұрғындары қажет болған жағдайда өздерінің Халыққа қызмет көрсету орталығынан ашқан жеке кілтімен кез келген компьютерге отырып e.gov.kz электрондық үкімет порталы арқылы анықтамалар ала алады. Бұл туралы ауданның баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.

Тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануына арналған көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңына айналдыру мақсатында 2018 жылы 3 цифрландырылған ақпараттық орталық Жайылма, Әшір Бүркітбаев ауылдық кітапхана филиалында, аудандық орталық кітапханда ашылған.

Сондай-ақ, орталық пайдаланушылары кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен, акциялар, мерекелер, шығармашылық кездесулер, шеберлік кластар, зияткерлік ойындар, әртүрлі ғылыми жобаларды бірлесе отырып жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар. Ал жастар ғаламтор желісін пайдалана отырып, емтиханға дайындалуға, шығармашылық жобалар құруға қол жеткізе алады.

Айта кетейік, 2019 жылдың І тоқсанында 12 «Цифрландырылған ақпараттық орталық» ашылды. Барлық орталық компьютермен және интернет желісімен жабдықталған. Орталық мамандары тұрғындарға еgov.kz электрондық үкіметі арқылы қажетті құжаттарын рәсімдеп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты кеңес беретін болады. Бұл алыс ауылдардағы тұрғындар аудан орталығына барып, уақыт жоғалтпайды деген сөз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.