Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға ұшып келді

0 2

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға ұшып келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлиге сілтеме жасап. 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді», — деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр екен.

Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Халықаралық ынтымақтастық және ашық дипломатия жөніндегі Ресей қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Орджоникидзені қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.