Қазіргі заманда тұрақты үрдісті сақтап қалу оңай емес. Кез-келген мемлекетте болатын үлкен саяси өзгерістер болатыны сөзсіз.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жариялап, кезектен тыс президенттік сайлау ағымдағы жылы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді. Қазақстан халқын тағы бір маңызды қадам күтіп тұр. Сондықтан да мен әрбір қазақстандықтарды сайлау кезінде белсенділік танытып, бұл іске барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
27 жылдан астам үздіксіз ел басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі сөзсіз тарихта қалады. Әзірдің өзінде әлем тарихындағы ең ұзақ ел басқарған президенттер тізімінде тұр. Ендігі сайлаудағы саяси оппоненттер кімдер болмақ? Бұл да бір қызық сұрақ …..
Абзал Есіркепов,
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» директорының орынбасары.