Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Ұлттық медицина университеті» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
«Ұлттық медицина университеті» АҚ ректоры Талғат Нұрғожин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ең алдымен Тараз қаласындағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығының жұмысымен, жабдықталуымен танысқан ол, облыстық және қалалық емдеу алдын алу ұйымдарының бас дәрігерлерімен 2019 жылға біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады, медицина ұйымдарында интернатурадан өтіп жатқан студенттермен кездесті.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін және Жамбыл облысында медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін ҚР Үкіметі айқындаған денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерін іске асыру үшін Тараптардың ғылыми, білім беру, инновациялық және технологиялық әлеуетін интеграциялау негізінде денсаулық сақтау кадрларының үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы мен ұлттық медициналық жоғарғы оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.