Шу ауданында туберкулезге шалдыққан науқастардың әлеуметтік жәрдемақылары толық төленбеген

0 3

Шу ауданаралық прокуратурасымен туберкулезбен ауыратындардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органның қызметіне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, әкімдікпен бір жылдан астам уақыт бойы емделу кезеңінде науқастарға заңнамада көзделген жәрдемақы толық көлемде төленбегені анықталды. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұның себебі, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы туберкулезбен ауыратын науқастардың емделу мерзімінде, яғни 1-санаттағылар 6-8 ай және 2 санаттағы 8-10 ай мерзімі кезеңінде 10 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсету туралы заңсыз шешімі болып отыр.

Прокуратураның ұсынуының негізінде мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізіліп, аталған әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 2 есе, яғни 10 мың теңгеден 21,8 мың теңгеге дейін жоғарлатылды, ал әлеуметтік көмек алу мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.