Жамбыл облысында Шу өзеніне батып кеткен қырғызстандық бала іздестірілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ағымдағы жылдың 11-сәуір күні Қырғыз Республикасы, Чу облысында 5 жасар бала өзенге құлап кеткен. Осыған байланысты 17-сәуір күні сағат 10:10-да Қордай ауданы, Қырғыз Республикасымен шекаралас аумағында Шу өзенінде ТЖД «ЖҚЖ» ММ қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздеуден ешқандай нәтиже шыққан жоқ, сондықтан алдағы уақытта жалғастырылады», — делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, бала — Қырғыз Республикасының азаматы. Оны Қазақстан аумағында іздеуге Жамбыл облыстық ТЖД-нің 4 қызметкері, бір техника және жүзу құралы жұмылдырылған.
Айта кетейік, Жамбыл облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-де өткен тәулікте 4 рет жедел шықты.