«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі сайланды

0 11

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұсынысы бойынша партия Сарысу аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Қанатбек Мәдібек сайланды. Бұл туралы партияның аудандық филиалының кезектен тыс XXV конференциясында айтылды, — деп хабарлайды  «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

 

Конференция жұмысына партия аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, партия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі, партия аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатының мүшелері мен «Қазақстан» Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Жасұлан Әбдіманап қатысты.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі Елбасы, партия Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл — ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы туралы партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Асанбай Сейналиев, партия аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Самат Тоқбанов баяндама жасады.

Бұған қоса, «Қазақстан» Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Жасұлан Лесбекұлы Әбдіманап партия аудандық филиалының жаңа төрағасының жұмысына табыс тілеп, партияның аудандық филиалы атқаруы қажет жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясына 18 делегат сайланып, тиісті қаулылар қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.