Жаңатас қаласында «Адалдық дүкені» ашылды
Жаңатас көпсалалы колледжінде «Жамбыл Адалдық алаңы» жобасы аясында қоғамда тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық дүкені» ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек ашылу салтанатына келіп, оң бағасын берді. Сондай-ақ, қазіргі таңда «Адалдық дүкені» оқытушылар мен білімгерлер арасында қолдау табуда.
— «Адалдық дүкенінде» оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, сатушысыз дүкенде тұтунышылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында. Бұл дүкенінің ашылуы қоғам үшін әлеуметтік жауапкершіліктің бастамасы болары хақ, — дейді колледж білімгері Ерболат Мұхтарұлы.
Айта кетейік, жастарды адалдыққа тәрбиелейтін дүкенде арнайы камера және күзетші қойылмаған.