Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі

0 5

Атмосфералық фронттардың өтуіне республиканың басым бөлігінде байланысты жауын-шашын күтіледі, тек батыс, солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ, желдің күшейеді, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, оңтүстік-батыста желдің күші 30 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.», — дейді мамандар.

Айтуларынша, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, түнде екпіні  23 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, таңертең және күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді.

«Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, күндіз Алматы, түнде Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі»,  — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.