Таразға «Nur Otan» партиясы бақылау қызметінің басшысы мен инспекторы жұмыс сапарымен келді
Тараз қаласына «Nur Otan» партиясы бақылау қызметінің басшысы Даурен Бижуманов пен партиялық бақылау қызметінің инспекторы Нұрлан Баймурзаев жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сапар барысында партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың барша қоғам алдына ауқымды міндеттерін қойған, партияның «Құтты мекен» жобасының орындалуы мақсатында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты.
2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 1 млрд. 406 млн. 511 мың теңге, облыстық бюджеттен 164 млн. 245 мың теңге қаражат бөлініп, «Арай» тұрғын алқабында және «Бәйтерек» мөлтек ауданында жалпы тұрғын үй алаңы 14 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үй, яғни 240 пәтер пайдалануға берілген.
Ал несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына 4 млрд. теңгеден аса қаражат бөлініп, 15 мөлтек ауданда 80 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталып, 9 үй пайдалануға тапсырылды. Жалпы 2018 жылы 12 көпқабатты тұрғын үй, яғни 960 пәтер пайдалануға берілген.
Сондай-ақ, 15 мөлтек аудандағы 80 пәтерлі 9 тұрғын үйдің құрылысы былтыр қараша айында басталып, биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарланған. Бұл құрылысқа жалпы сомасы 5 млрд тенгеден аса қаржы қарастырылған болатын.
Айта кетейік, 15 мөлтек аудандағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы 2018 жылы қараша айында басталған болатын. 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй 2019 жылы шілде айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.