Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапармен келеді, — деп мәлімдеді «ZhambylNews» AA Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.
Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.