Адамдардың әлеуметтік желіні қарап жатып қолына гаджетті ұстап ұйықтап қалуы ұйқының сапасына теріс әсер етеді. Бұл туралы Джон Хопкинс атындағы Медицина мектебінің профессоры Всеволод Полоцкий мәлімдеді.
Профессордың пікірінше, телефон ұстап ұйықтау биологиялық сағаттың жұмысының бұзылуына, ұйқының қанбауына алып келеді. Сонымен қатар ұйқының фазаларына кері әсер етеді, — деп хабарлайды «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
«Ересек адам күніне кемінде 7 сағат ұйықтауы тиіс және төсекте жатып компьютер, смартфон, планшет немесе басқа да электрондық құралдарды қолданбауы керек. Негізі, ұйқыға жатардан екі сағат бұрын электрондық құралдарды қолданудан бас тартқан жөн», — дейді Всеволод Полоцкий.
Полоцкий өзінің және балаңның ұйқысының дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін, ұйықтар алдында электроника мен тамақтан бас тарту керектігін айтады.