Технология сағат сайын дамып, күн сайын бір жаңалығы ашылуда. Бірер жылдан кейін интернет жаңа даму кезеңіне аяқ басуы мүмкін. Ол — ой арқылы интернетті басқару немесе интернеттің ойды ұғуы, — дейді Халықаралық ғалымдар ұйымы.
Ғалымдардың зерттеуі «Frontiers in neuroscience» журналында жарияланды. Олардың болжамы бойынша бұл адамзат тарихындағы айрықша жетістік болатын көрінеді.
Адамдар өз ойларын интернетке тікелей жалғайды. Нәтижесінде онлайн режимде ақпарат алады. Бұған мидағы «наноботтар» көмектеседі екен.
Наурыз айында Facebook компаниясының басшысы Марк Цукербург Гарвард университеті профессорына берген сұқбатында осы тақырып төңірегінде сөз қозғаған еді. Ол арнайы нейроинтерфейс жасалып жатқанын айтқан. Яғни, адамдар болашақта ойы арқылы виртуалды әлемді басқара алады.
Дереккөз: massaget.kz