Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0 7

Жамбыл облысы әкімінің 19 сәуірдегі №61 Ж/Қ бұйрығымен Нұржан Сәбитұлы Кәлендеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Агенттігі.

Жаңа орынбасарын өңір басшысы Асқар Мырзаxметов облыс активімен өткен жиында таныстырды.

Кәлендеров Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары.

1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы бизнес құрылымындарында бухгалтер болып бастаған.

2000-2003 жылдары «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК-ның Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, 2003-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас маман,  2005-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының қаржы басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2011-2013 жылдары Жамбыл және Қордай аудандарының әкімі, 2013-2017 жылдары Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметінде болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.