Жамбыл облысында жыл басынан сотқа 679 қылмыстық іс келіп түсті

0 8

Жамбыл облысында жыл басынан сотқа 679 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Махаматұлы, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Қауасұлы және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Ғалым Батырбекұлының қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлердің айтуынша, есепті кезеңде облыс соттарына 679 қылмыстық іс келіп түсіп, оның ішінде үкім шығарумен 474 адамға қатысты 423 қылмыстық іс қаралған, 89 адамға қатысты 77 қылмыстық іс тоқтатылған. Барлығы 465 адам сотталған.

Ал бас бостандығынан айырудан басқа өзге де жаза түрлеріне – 313 адам, 65-72 баптардың негізінде 1 адам босатылған, 9 адам ақталған. Апелляциялық тәртіпте 2 адамға қатысты 2 үкім жойылды, 28 адамға қатысты 23 үкім өзгертілген.

Сондай-ақ, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков тыңдаушыларды алқамен 2019 жылдың бірінші тоқсанында қаралған азаматтық және әкімшілік істері туралы хабардар етті.

— Көрсетілген кезеңде облыс соттарына 5771 азаматтық іс түскен, оның ішінде 3263 азаматтық іс шешім шығарумен аяқталған, оның 15 шешімі апелляциялық тәртіппен жойылған. 304 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылған, бітімгершілік келісімді қолдану арқылы 82 азаматтық іс тоқтатылған, — деп атап өтті Нұрмұхаммат Махаматұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.