Байзақ ауданында 43 елдімекеннің 26 ауылы газбен қамтылған

0 0

Байзақ ауданында бүгінде 43 елдімекеннің 26 ауылы газбен қамтылған (немесе 58,1 %). Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан басшысының мәліметінше, ағымдағы жылы 9 ауылға (Жақаш, Қарасу, Көкөзек, Төрегелді, Қайнар, Сарыбарақ, Шахан, Ақжар ауылдары мен Үшбұлақ стансасы) газды жеткізу құбырларын салуға облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлінді. Қалған ауылдарды газдандыру 2020, 2021 жылдарға жоспарланып отыр (1048,0 млн теңгеден әр жылға).

Сондай-ақ, 2018 жылы тұрғындар бастамасымен 5 ауылда (Абай, Мәдімар, Тегістік, Кеңес, Жаңатұрмыс) құжаттарын рәсімдеу және газ жүргізу жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге бұл ауылдарда 228 үй газ пайдалануда (Абай-87, Жаңатұрмыс-33, Кеңес-50, Тегістік-58).

«Бүгінде (газ, электр, тас жол, ауыз су) 5 ауылға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға ЖСҚ-ын дайындауға бөлінген 33,0 млн. теңгеге конкурс жарияланды (Аймантөбе-10 га, Үлгілі-28,9 га, Мырзатай-15 га, Қостөбе-20 га, Жетібай-10 га)», — деп атап өтті Рахматілдә Сегізбайұлы.

Тағы бір жаңалық. Ауданда 43 елдімекеннің 20 ауылы ауыз сумен қамтылған, халық саны бойынша бұл 46,5% құрайды.

Жер асты су қорлары анықталған 6 ауылға жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, Үкіметке бюджеттік өтінім тапсырылды. 2019 жылға Талас ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық және облыстық бюджеттерден 242 млн. теңге бөлінді.

Сонымен бірге,  2 ауылда (Көкбастау, Жаңатұрмыс)  ауыз су жүйелері құрылысын жүргізуге және Бурыл ауылындағы ауыз су жүйелерін қайта жаңғыртуға жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.