Жамбыл облысындағы жол апатына қатысты тергеу шаралары жалғасып жатыр

0 8

Жамбыл облысында болған ірі жол апатынан қаза тапқан 8 қазақстандықтың жетеуі Түркістан облысынан болуы мүмкін. Мамандар осындай болжам айтып отыр. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дегенмен, облыстық полиция департаменті әзірге нақты ресми ақпар берген жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Қайғылы оқиға кезінде зардап шеккендерге жан-жақты жәрдем көрсету шаралары жалғасып жатыр. Қазір 9 адам ауруханада. Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің желісі арқылы көрші елге 9 азамат ауыстырылды. Ал қайтыс болған өзбекстандық 3 азаматтың мәйіттері шекараға дейін арнайы көлікпен жеткізілді. Зардап шеккендар арасында балалар жоқ.

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

— Жамбыл облысының емдеу сауықтыру мекемелерінде  бүгінгі таңда 9 науқас жатыр, оның төртеуі Қордай аудандық ауруханасында, төртеудің біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, ол науқастың жағдайы ауыр бірқалыпты, қалалық ауруханада 5 науқас жатыр, бүгінгі таңда 2 науқас жансақтау бөлімінде жатқан, бөлімшеге ауысты.

Өңірде тақтайдай тегіс жол төселгенімен жол апаты азаяр емес. Оған себеп, жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы. Биылғы жылдың небәрі үш айында аймақта 265 жол көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 451 адамға медициналық көмек көрсетіліп, жиырмасының тағдыры тас жолда қиылған. «Сондықтан көлік жүргізушілері жүгенсіз кетпей, жол жүру ережесін сақтауы тиіс», — дейді мамандар.

Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі:

— Біз оны талдап отырмыз. Әсіресе, мына денсаулық саласындағы арнайы бағдарлама бар, сол бағдарламада жол апатынан қайтыс болатын азаматтардың көрсеткіштері бар. Осы көрсеткіш Жамбыл облысында жоғары деп айтуға болады. Батыс Еуропа жол салынғаннан бері, жақсы жағдай жақсарғанмен, өкінішке орай, жүргізушілердің жолда жүру мәдениеті төмен.

Қазір оқиға орнында үздік деген мамандар жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге салсақ, Қордай ауданының аумағында болған ірі жол апатынан ондаған адам қайтыс болып, ондаған адам зардап шеккен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.