Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2019 жылдың 25-27 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Қазақстанның солтүстік облыстарында әлі де суық арктикалық фронттар әсерінен жаңбыр сақталады, түңгі уақыттарда жылбысқы қарға ауысуы мүмкін», — дейді мамандар.
Айтуынша, оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттармен оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс аймақтарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық және одан төмен болады.