Әлі күнге дейін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, орталығында –қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.
«Қызылорда облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Павлодар облысында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді», — деп болжайды мамандар.
Айтуларынша, Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 16 м/с күшейеді.