Тараз қаласы бойынша 712 көп пәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтау жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында жылу энергетика бөлімінің басшысы Князь Тұртаева, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның президенті Абуталип Серикбаев, «Таразэнергоорталық» АҚ директорының міндетін атқарушы Жақсылық Жогибаевтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Спикерлер Тараз қаласының тұрғындарын жазғы уақытта ыстық сумен жабдықтау мәселесі туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі «Казгидромет» шаруашлық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалының ақпартына сәйкес сәуір айының бірінші он күндігінде орташа сыртқы ауа температурасы күндіз +10⁰С-дан +25⁰С-қа дейін және түнде +5⁰С-дан +10⁰С-ға дейін құрады. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдармен жылыту маусымын 7 сәуірде тоқтату туралы өкімдері шығарылды. Жылда жылыту маусымы аяқталғаннан кейін энергия өндіруші және энергия тасымалдаушы кәсіпорындармен магистальды және ішкі кварталдық жылу желілерін жөндеу және қысыммен тексеру жұмыстары жүргізледі. Аталған жұмыстар шамамен 15-20 күнге созылады», — деді Князь Таңатарқызы.
Ағымдағы жылы Тараз қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша өтпелі екі жоба негізінде және кәсіпорынның қайта қалпына келтіру жұмыстары негізінде екінші магистарль (М-2) бойынша Қойгелді, Абай, Көшеней, Сыпатай батыр, Ниетқалиев көшелеріндегі және Жамбыл даңғылы, сондай-ақ, төртінші магистарль (М-4) бойынша Сыпатай батыр, Төле би, Мирзоян, Қазыбек би, Аққошқар әулие, Дулати, Комратов, Қонаев көшелеріндегі Тараз қаласының 30%-дан астам тұрғындары ыстық судан өшіріледі.
Таразэнергорталық» АҚ-нан жалпы 610 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен жабдықталады, дегенмен, қаланың жөндеу жұмыстары жүргізілетін аймақтарында уақытылы өшулер орын алады.
«Жамбыл-Жылу» МКК кәсіпорнымен 1-АҚ жылу көзінен 83 көп пәтерлі тұрғын үйлерге 1 мамырдан бастап 16 қыркүйек аралығында «Қаратау», «Қарасу», «Қарасу» алқабы, «Сахарный поселок» ықшам аудандарына беру жоспарлануда. «ТемірЖол-Жылу» МКК кәсіпорны бойынша Байзақ батыр көшесіндегі «Газова» қазандығынан 19 көп пәтерлі тұрғын үйлерді 1 мамырдан бастап 5 маусымға дейін жабдықтау жоспарлануда.
Нәтижесінде, Тараз қаласы бойынша 712 көп пәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтау жоспарлануда.