Шуда «Сервисті әкімдік» өз жұмысын бастады

0 0

Шу қаласы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында «Сервисті әкімдік» орталығы ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған орталық «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы аясында тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды халық арасында кеңінен насихаттап, тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, сапалы кеңестер беру және «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында ашылып отыр.

Орталық арқылы  Шу қаласының тұрғындары  сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің және коммуналдық (су, жарық бойынша) қызметтерді ала алады.

«Сервистік әкімдіктің» қызметкерлері қабырғасы әйнекпен бөлінген кабинеттерде отырады. Жергілікті тұрғындар олардың жұмыс барысындағы әрбір әрекетін анық  көре алады.  Осы арқылы ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастырып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.