Тұқым қуалаушылық, зиянды тағам мен тәттілердің артық салмақ жинауға айтарлықтай әсері болмай шықты. АҚШ-тағы Дьюк университетінің ғалымдары семірудің басты себебі – кеңсе мен үйдегі шаң-тозаң екенін атады.
Шаңның микроағзалары мен канцерогендеріне сараптама жасаған кезде ғимаратта кем дегенде 70 химиялық зат бөлінетіні анықталған. Олар май жасушаларының өсуіне әсер етеді.
Биологтар бұл заттар жасушалардың өсуіне жағдай жасап қана қоймай, зат алмасу процесін де бұзатынын дәлелдеді.
Ағзада жиналған мұндай жасушалар адамның тез аруына кедергі жасайды. Мамандар кеңседегі немесе үйдегі канцерогендер эндокриндік жүйе жұмысын бұзатынын айтады.
«Ұйқы безінен бөлек, бұл микробөлшектер мидағы рақат алу орталығына да әсер етеді. Сондықтан адам үнемі қарны ашқанын сезіп, шамадан тыс тамақ жегісі келеді», — дейді мамандар.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан