Нанның ешкім күтпеген қаупі анықталды

0 11

Нанға қосылатын консерванттар ағзадағы гормон деңгейін арттырып, диабет пен артық салмақ қосуға әкеліп соғуы мүмкін. Ғалымдар нанда гормон деңгейін арттырып, артық салмақ жинау мен диабетке әкеліп соғатын қоспаларды тапты, деп хабарлайды Science Translational Medicine ғылыми журналы. 

Гарвард университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің зерттеуі кезінде нан-тоқаш өнімдерінде қауіпті зат — пропионат табылған. Кальций пропионаты (Е282) мен натрий пропионаты (Е281) қоспалары консервант ретінде қолданылыпты. Олар нанның ұзақ уақыт бойы көгермей, сақталуы үшін қосылады.

Пропионаттың зиянын дәлелдеу үшін ғалымдар ауқымды зерттеу жүргізген. Тышқандарға сынақ жасалып, кейін адамдар зерттелді.

Тышқандарға пропионатты бергенде, олардың жүйке жүйесі белсенді жұмыс істеп, гормон деңгейінің артуы байқалған. Салдарынан бауыр қызметі бұзылыпты. Оның жасушалары глюкозаны көбірек шығара бастаған. Біртіндеп диабеттің белгілері айқын көрінеді. Сондай-ақ, тышқандар салмақ қоса бастапты.

Екінші зерттеуге 14 адам қатысты. Олар құрамында бір грамм пропионат бар тағам жеген. Адам ағзасында да бірқатар өзгеріс болған. Гормон деңгейі артып, ағзаның зат алмасу процесі бұзылыпты.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.