2019 жылдың 16 – 21 сәуір аралығында Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылындағы ипподромда ұлттық ат спорты түрлерінен (көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату) І Азия чемпионаты өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Чемпионатқа Қытай, Ресей, Малайзия, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінен 142 спортшы қатысты.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша «көкпар» спортынан Қазақстан Республикасының құрама командасы жеңімпаз атанды. Ұлттық құраманың сапында Жамбыл облысының 5 спортшысы Тұрғанбек Құрманбек, Жарылқасын Ернар, Камелхан Ернұр, Әзімбаев Ерсұлтан және Мәлімбай Ернет ойын көрсетті.
«Жамбы ату» спорты бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының сапында Жамбыл облысының спортшысы Бабажан Бақдәулет І орынды жеңіп алып, Азия чемпионы атанды.