Облыстық ТЖ департаментінде өңірдегі суицид мәселесі қаралды

0 16

Бүгінгі күні азаматтық қорғау орган қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу өзекті мәселе болып қалуда. Осыған орай, Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Мақсат Қосыбаев төрағалығымен Департаменттің барлық құрылымдық бөлімше басшыларының қатысуымен қызметкерлер арасында аутоагрессивтік мінез-құлықты ескерту үшін жұмыс тобының отырысы өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыс тобы отырысына Жамбыл облысы ПД Аумақтық әскери дәрігерлік комиссиясының ПФЛ бастығы — Сауле Чигинбаева сондай-ақ, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологтары — Жадыра Аленова мен Оксана  Калашникова шақырылды.

Жиын барысында шақырылған қонақтар суицид түсініктемесін және санаттарын анықтау мәселесі бойынша баяндап өтіп, жұмыс тобы мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптарын берді.

Жамбыл облысы ТЖД бас маман психологі Ғалия Елгембаева жеке құрам арсында өткізілген профилактикалық жұмыстарды баяндап, өзіне-өзі қол жұмсау кезіндегі әлеуметтік факторлардың рөлі жөнінде атап өтті.

Профилактикалық іс-шараны Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник — Мақсат Қосыбаев қиын сәтте жүрген қызметкерге басшы және жұмыстағы әріптестердің көмегімен шешілген мәселе жөнінде үлгі ретінде мысал келтірді. Жұмыс отырысын қорытындылай келе, Департаменттің құрылымдық бөлімше басшыларына қарамағындағы қызметкерлермен тәрбие жұмыстарына дұрыс көңіл бөлуін, олардың қызметтен тыс кездегі мінез-құлықтарына көңіл бөлуін, отбасына, қызметкерлердің тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыруға тиісінше назар аударуға тиісті тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.