Бүгін Тараз қаласында алғаш рет шетел азаматтарына көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Орталықтың мақсаты – Қазақстан Республикасына келген шетелдіктерге мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту, оларға ыңғайлы жағдай жасау және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін едәуір қысқарту болып табылады.