Үкімет отырысы: Таразда жатақхана мәселесін шешудің тиімді жолы ұсынылды

0 9

Бүгін Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірде студенттердің жатақхана мәселесі қалай шешілетінін айтты. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында үш ЖОО-да оқитын 1637 студентке жатақханадан орын қажет. Тараз мемлекеттік университетінде құрылысы наурыз айында басталған 1,3 млрд теңгеге 500 орындық жатақхана жыл соңында қолданысқа беріледі. Жатақхананы салуға 1,5 гектар жер бөлініп, қазіргі таңда кестеге сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.

«Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне 0,7 гектар жер бөлініп, инвестор анықталған. Жобалық-сметалық құжаттамалар аяқталып жатыр. Мемлекеттік сараптамадан өткен соң құрылысын бастауға дайынбыз», — деді Асқар Мырзахметов.

Жамбыл облысының әкімі Тараз инновациялық гуманитарлық университетіндегі 450 орындық жатақхана мәселесі қонақүй ғимаратын сатып алу арқылы шешілетінін айтты.

«Әкімдікке қарайтын үш колледжде жатақхана мәселесі бойынша жер бөлу толық шешілді. Жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Инвестормен келіссөздер жүргізілуде. Жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда. Облыста қойылған міндеттерді атқаруға қатысты жұмыстың бәрі орындалуда. Кейбір жатақханаларды толық кестеден бұрын тапсыруды жоспарлап отырмыз», — деп сөзін түйіндеді өңір басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.