Жамбылдағы түзеу мекемесінде тағы да құқық бұзушылық орын алды

0 5

Темірдей тәртіп орнаған түзеу мекемесінің қатаң ережесін бұзып, амалын асырғысы келетіндер тиылар емес. Осындай құқық бұзушылық ЖД-158/7 мекемесінде орын алды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Құйтырқы іске барғандар зәулім қоршау асырып, белгісіз қорапты ішке лақтырған. Қырағылық танытқан кезекші бөлімнің арқасында олқылық дер кезінде анықталып, орны толтырылды. Жабысқақ орамаға әбден маталған қорап ішінде екі бірдей су жаңа «Самсунг» маркалы ұялы телефоны мен симкарталар бар болып шықты.

Осыған сәйкес, тыйым салынған затты жасырын түрде алып, айлаға барған сотталған азамат тиісті жазасын алса, тәркіленген дүниелердің барлығы мемлекет қазынасын толтыратын болады.

Жамбыл облысы ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.