Елбасы президенттік өкілеттігін тоқтату турасында: Бұл дұрыс шешім болды

0 1

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаев  алдағы сайлауға қатысты пікір білдірді.

«9 маусымға президенттік сайлау белгіленді. Барша қазақстандықтарды, Ассамблея мүшелерін алдағы сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырамын», — деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы биыл наурызда өкілеттігін тоқтату шешімін не үшін қабылдағанын түсіндірді.

«30 жылға жуық уақыт Қазақстанға басшылық еттім. Менің бұл қадамым Қазақстанның тұрақты дамуын ары қарай қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тыныш билік транзиті үшін және басшылардың жаңа буыны аяғына тұруына көмектесу тұрғысында жасалды. Осы қадамымды әлемнің көптеген елдерінің басшылары дұрыс түсініп, қолдау білдірді. Елде осыған байланысты өкініш пен үрей болғанын білемін. Уақыттың ырыққа көнбейтіні, бір орында тұрмайтыны баршамызға аян. Барлығы өзгеріске ұшырайды, біз де өзгеруіміз керек. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім болды. Осыған байланысты ешқайсыңызда бұл шешімге байланысты күмән болмауын қалаймын. Осы уақытқа дейін қолдап келген ел халқына, ҚХА-ның барлық мүшелеріне алғысымды айтамын», — деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.