Алматы–Тараз–Алматы бағытындағы әуе рейсі іске қосылды

0 9

«Астана ЭЙР» компаниясының «Fly Arystan» бойнгі ендігі жерде Тараз бен Алматы қалалары аралығындағы жол сапарлар мерзімін едәуір қысқартатын болады. Аталмыш әуе рейсі 1 мамырдан бастап ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жолаушылар екі қала аралығында небары 40 минут қана ұшады. Сапардың біржақты билет құны, әуежай алымдарымен қоса есептегенде 3 999 теңгеден басталады. Ал, басқа да қызметтер мен қол жүктерін қоса есептегенде тарифтеріне қарай 5-6 мың теңге аралығында болады.

Нақтырақ айтқанда, жолаушылар ең арзан бағаға ұшып баратын билетпен 5 келіге дейін қол жүгін тегін алып жүре алады. Қосымша жол жүгін алып барамын десе тағы да ақша төленеді. Мәселен отыз келі жол жүгі 6 мың теңге болады. Былайша айтқанда аса қымбат емес. 1 кісі қосымша ақша төлеп 60 келіге дейін жол жүгін алып бара алады. Және де бордтық тағамға тапсырыс беру бойынша алдын ала сайттан немесе ұшақта төлем картасымен жүзеге асыруға болады. Орынды таңдау, алғаш рет ұшаққа отырғандарға қажетті кеңестер беру секілді қызмет түрлері де қарастырылған. «Эйр Астана» әуе компаниясының департаменті болғандықтан, барлық инженерлік флот, ұшақ командирлері, борд серіктестері тәжірибесі мол мамандар. Қауіпсіздік жағы толық қамтамасыз етілген.

Алматы–Тараз–Алматы бағытымен 180 орындық, заманауи Airbus A320 ұшақтары күнделікті сапар орындайтын болады. Осылайша жаңа әуекомпания аталмыш бағыт бойынша бір жылда 130 000-нан астам жолаушыны тасымалдауды көздеп отыр.

Алдағы уақытта екі қала арасына ұшақтардың күн сайын ұшуы қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, Тараздан кешкі сағат 20:50–де жөнелтілсе, Алматыдан 19:20-де бері қарай ұшып шығатын болады.

Айта кетейік, бұл іске «Золотой караван» туристік фирмасы атсалысуда. Тиімді бағадағы рейстер өңірдің туризм саласының дамуына да оң септігін тигізеді деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.