Жамбыл облысындағы қоғамдық көліктерді толықтай жаңартуға 30 млрд. теңге жетеді

0 3

Жамбыл облысындағы қоғамдық көліктерді толықтай жаңартуға 30 млрд. теңге жетеді, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл туралы «Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының автокөлікті бақылау бөлімінің  бастығы  Ерлан Ермекбаев онлайн режимде азаматтарды қабылдауы барысында айтылды.

Қабылдауда «Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайрат Меклисов пен арнайы мониторингтік топ мүшесі Ихтияр Мырзахметов облыс тұрғындарынан келіп түскен сауалдарды сала мамандарына Фейсбук желісінің тікелей эфирінде қойды.

Жиында қоғамдық көліктердің жарысуы, соңғы аялдамаға дейін жетпеуі, электронды  жол жүру билеті, қоғамдық көліктерге пандус орнату,  жылжымалы бақылау көліктері, жол жүру билеттеріне жеңілдіктер,  жүргізушілердің әдептері, қоғамдық көліктерге желдеткіш орнату, №6 Бесжылдық маршрутының жүрісін өзгерту, Қаратау, Ақкөл, Жаңатас тас жолдарын жөндеу  бойынша сауалдар түсті.

Тиісті сала мамандары қаладағы қоғамдық көліктерге электронды  жол жүру билеттерін орнатудың  тиімділігін қарастырап, қоғамдық көліктерге пандус орнату жұмыстарына ұсыныс берілгендігі, 2 апта ішінде шешімін тауып, қойыла бастайтындығы, жол жүру билеттеріне жеңілдіктер ҚР Заңдарына сәйкес оқушыларға ғана тиесілі екенін, Қаратау, Ақкөл, Жаңатас тас жолдарын жөндеу жұмыстары биыл аяқталатынын, сондай-ақ  облыс бойынша 3 жылжымалы бақылау көліктері Мойынқұм, Төле би, Қордай ауылдарында орналасып, жұмыс істеп тұрғаны  айтылды.

Қоғамдық көліктердің жарысуы, соңғы аялдамаға дейін жетпеуі, №6 Бесжылдық маршрутының жүрісін өзгерту, жүргізушілердің әдептері туралы ұсыныстардың қарастырылатын болды.

Облыстағы қоғамдық көліктерді толықтай жаңартуға 30 млрд. теңге көлемінде қаржының қажеттілігіне орай  желдеткіш орнату жұмыстары уақытты талап ететініне тоқталды.

Қоғамдық көліктердің сыртына қазақтың нақыл сөздерін жазылу туралы ұсынысқа да жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қуана келісіп, алдағы уақытта  да жоба қызметкерлерімен бірлесе жұмыс  істейтіндіктерін жеткізді.

«Жамбыл – адалдық алаңы» жоба қызметкерлері көтерілген мәселерді өз бақылауында ұстап, халықты алдағы уақытта толық ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.