Жамбыл облысында заңсыз сақталған қару-жарақтарды халықтан сатып алу акциясы жалғасуда

0 5

Жамбыл облысында заңсыз сақталған қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасуда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 11 миллион 168 мың теңге бөлінді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өз еркімен атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды мемлекетке тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін  заңсыз сақталған қаруды тапсыру үшін 100-ден астам өтініш келіп түсті, 161 қару тапсырылды.  Оның ішінде 5,6 мм калибрлі 18мылтық, 143 бірлік атыс қаруы  және 1 шолақ мылтық бар. Бұлардың  жалпы құны  9 млн. теңгені құрайды.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.