Жапониялық ғалымдар күрішті жиі жейтін адамдардың артық салмақтан арылатынын анықтады. Жапониялық ғалымдар күріш жеудің арқасында семіздіктен «құтылуға» болатынын анықтады, — деп хабарлайды EurekAlert порталы.
Дошиш (Киото) әйелдер гуманитарлық колледжінің зерттеушілері 136 ел тұрғындарының тамақ мәзірін зерттеген. Орташа есеппен күніне 150 грамм күріш жейтін адамдар өзгелерден әлдеқайда арық болып шықты. Күрішті он есе аз жегендер болса, керісінше, артық салмақ қосқан.
«Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескерген кезде де, күріш жеу мен артық салмақтың байланысы сақталды», — дейді ғалымдар.
Олар күріш құрамындағы нәрлі заттар адамның тамаққа тою сезімін күшейтіп, артық тамақтанудың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында май өте аз. Сондықтан күріш жеген кезде қан құрамындағы қант деңгейі айтарлықтай өспейді. Алайда диетолог мамандар тағамның мөлшерін білу керек екенін айтады. Өйткені күрішті өте көп жеу диабет пен метаболиттік синдромға шалдығу қаупін арттырады.
Мамандар күріш жеу мен семірудің арасындағы байланысты нақты анықтау үшін әлі қосымша зерттеу керек екенін айтты.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан