Мәжіліс депутаттары Мансұрхан Махамбетов, Бекболат Тілеухан, Серік Құсайынов, Петр Шарапаев Жамбыл облысындағы гипс және гипсокартон өндіретін зауыттың еңбек ұжымымен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үш жыл бұрын салынған зауыт күніне 500 тонна гипс пен 100 мың шаршы метр гипсокартон өндіреді. Бүгінгі күні кәсіпорын өз өнімдерін Алматы, Нұр-Сұлтан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарына жеткізеді.
Зауыт қызметкерлерімен әңгіме барысында депутаттар Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары туралы және қойылған міндеттерді орындау үшін қандай заңнамалық жұмыс атқарылып жатқаны жайында айтып берді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы айта келе, зауыт қызметкерлері өндірісті кеңейтумен қатар, кәсіпорынның аудан мен облыстың аз қамтылған азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне үлкен назар аударатынын атап өтті. Мысалы, балаларды мектепке дайындау, қайырымдылық және т.б. мәселелер бар.