Асқар Мырзахметов ҰОС ардагері Тілеуқабыл Төребековтің шаңырағына арнайы барып, құттықтады

0 7

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері, Тараз қаласының тұрғыны Тілеуқабыл Төребековтің шаңырағына арнайы барып, құттықтады. Асқар Исабекұлы ардагердің бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі мен соғыстан кейінгі ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегін атап өтіп, бүгінгі ұрпақ атынан алғысын жеткізді, — деп жазады «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілеуқабыл Төребеков 1925 жылы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, партия мектебін бітірген. 1943-1950 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет атқарып, оның 5 жылында Жапон соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары қоғамдық, партиялық жұмыстарға белсене араласқан. 1959-1960 жылдары тамақ өнеркәсіп орындарының жұмысшыларының облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып істеген. Облыстық әкімшілікте коллегия және облыстық тәртіптік кеңестің мүшесі болған. Одан кейінгі жылдары Жамбыл қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. «Отан соғысы» орденімен және 17 мерекелік медальдармен марапатталған.

Сондай-ақ, бұл күні облыстық мәслихаттың хатшысы, облыс әкімінің орынбасалары, қала және аудан басшылары да өңірдегі бірқатар ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, бүгінде облыста барлығы Ұлы Отан соғысының 75 ардагері бар десек, мереке қарсаныңда олардың әрқайсысына қалалық және аудандық бюджеттер есебінен 300 мың теңгеден сыйлық ретінде берілді. Ал, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілгендерге 100 мың теңгеден, тыл еңбек ардагерлеріне 50 мың теңгеден қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.